Қостанай облысында полиция "синтетиканың" 1,5 мыңнан астам дозасының таралуына жол бермеді

Сурет: ҚР ІІМ
Қостанай облысында полиция "синтетиканың" 1,5 мыңнан астам дозасының таралуына жол бермеді, деп хабарлайды Zаkon.kz.

Полиция қызметкерлері "Қарасора – 2024" жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Рудный қаласының аумағында 35 жастағы ер адамды анықтап, ұстады.

Пәтерді тінту кезінде ұнтақ тәрізді заты бар көптеген Zip-пакеттер және электрондық таразылар анықталып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес алынған заттар салмағы 600 грамм синтетикалық препарат болып есептеледі.

"Өңірде "синтетикалық" есірткінің бір жарым мыңнан астам дозасының таралуына жол бермеді. Олардың құны қара нарықта шамамен 12 миллион теңгені құрайды. Есірткі сатумен айналысатын адамдарды анықтау жұмыстары жалғасуда", – деді Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Нұржан Ахметов.

Осы дерекке сәйкес "Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі Күдіктіге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз