Екібастұзда шетелдік азаматтар еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырған

Сурет: ҚР ІІМ
Екібастұз қаласы ПБ көші-қон қызметінің қызметкерлері мұражай құрылысы алаңында заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған көрші елдің азаматтарын анықтады.

Дәл осындай заң бұзушылық қаладағы дәмханалардың бірінде де анықталды.

"Жеті шетелдік азамат аймақта заңсыз, рұқсат құжаттарынсыз болған. Шетелдіктердің ҚР көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін сотқа жіберуге әкімшілік материалдар толтырылды. Сондай-ақ шетелдік азаматтарды тиісті рұқсатсыз еңбек қызметіне заңсыз тартқаны үшін жұмыс берушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деді Екібастұз қаласы ПБ бастығының міндетін атқарушы Төлеген Құдайбергенов.

Полиция шетелдік азаматтарға көші-қон режимін бұзбауды және тиісті құжаттарды уақтылы ресімдеуді ескертеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Елімізде жаңбыр, қар жауып, -6 градусқа дейін аяз болады

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – онлайн-трансляция

Мәні де, мазмұны да айрықша – Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялады

Тоқаевтың "Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері" жолдауы: толық мәтін

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі