Алматы полициясы "Мигрант" жедел алдын алу іс-шарасын өткізіп жатыр

Сурет: ҚР ІІМ
Алматы полициясы елде заңсыз жүрген шетел азаматтарын іздеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мигрант" жедел алдын алу іс-шарасы аясында жергілікті полиция қызметі мен көші-қон қызметінің қызметкерлері "Көк базар" аумағында заңсыз жүрген азаматтарды анықтау мақсатында рейд жүргізді.

Алдын алу шараларының нәтижесінде аудандық полиция басқармасына 72 шетел азаматы жеткізіліп, олардың әрқайсысының Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсаты бар-жоғына құжаттары тексерілді.

Көші-қон заңнамасын бұзған 15 адамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, соттың қарауына жіберілді.

"Полиция басқармасына жеткізілген барлық шетелдік азаматқа Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасының нормалары түсіндірілді. Олардың әрқайсысына Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзғаны үшін жауапкершіліктің жоғары болатындығы тағы да ескертілді", – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.

Осындай рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде өткізілетін болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Алматы облысына қарасты бір ауылда тұрғындар газ құбырын аттап өтіп жүр

Жасырын зауыт пен жеке теміржол тұйығы: Ұлытау облысында марганец кені заңсыз экспортталған

Рим маңындағы оқ-дәрі шығаратын зауытта жарылыс болып, алапат өрт тұтанды

Алматыдағы шыңдардың біріне апарар жолда жасөспірім тау ауруына шалдықты - ТЖМ дер кезінде көмекке келді