Алматыда демалыс күндері Абай даңғылы бойындағы учаскелердің бірінде автокөлік қозғалысы шектеледі

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
2024 жылғы 2-тамыздағы сағат 23:00-ден 5 -тамыздағы сағат 08:00-ге дейін Алматы қаласының Әуезов ауданында Абай даңғылы бойымен Сайын көшесінен батыс бағытта "Qazaq Oil" жанармай құю бекетіне дейін көлік қозғалысына ішінара шектеу қойылады.

Абай даңғылының оңтүстік жағы бойымен екі жақты көлік қозғалысы ұйымдастырылады.

Уақытша шектеулер 1991 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан, жалпы ұзындығы 1838 метр болатын, көлік жолы бөлігінің астынан өтетін құбырды жаңғырту учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіліп отыр.

Бұл құбыр 406 көппәтерлі тұрғын үйді, 105 жеке тұрғын үйді, 4 балабақшаны, 1 денсаулық сақтау нысанын және 6 басқа нысанды жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Жаңғырту жұмыстары кезеңінде аталған тұтынушылар ыстық сумен бұрынғысынша үздіксіз қамтамасыз ете берілетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармаларының әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ "2GIS" және "Яндекс карталары" сервистерінде орналастырылған.

"Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз." "Алматы жылу жүйесі" ЖШС

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі