Мемлекет басшысы Конго Республикасының Президентімен шағын құрамда келіссөз жүргізді

Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Дени Сассу-Нгессоға ілтипат білдіріп, оның елімізге бұл сапарының тарихи маңызы зор деп бағалады.
Қазақстанға қош келдіңіз! Сіздің бұл алғашқы сапарыңыз екі ел байланыстарын дамытуға тың серпін беретініне сенімдімін. Қазақстан мен Конго арасындағы ықпалдастықты одан әрі дамытуға мол әлеует бар деп есептеймін, – деді Мемлекет басшысы.

Дени Сассу-Нгессо құрмет көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Қазақстанның қазіргі саяси және экономикалық дамудағы жетістіктерін жоғары бағалады.

"Елдеріміз арасындағы дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығы қарсаңында Астанаға келу – біз үшін зор мәртебе. Бұл сапар саясат, дипломатия және экономика салаларындағы байланыстарды одан әрі нығайта түсетініне, ал екі ел халықтарының достық қатынастарын жаңа деңгейге көтеретініне сенемін", – деді Конго Президенті.

Келіссөз барысында тараптар Қазақстан мен Конго арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың даму перспективаларын талқылады. Сондай-ақ халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде жан-жақты пікір алмасты.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

2026 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қандай болады

Қызылорда облысында екі ірі есірткі алқабы анықталды

Ақтөбеде газ құю бекетінде көлік өртеніп, үш адам тірідей жанып кетті

Қосымша табыс тапқаны үшін балалы ана мемлекеттен төленетін әлеуметтік төлемнен қағылуы мүмкін бе

Халықаралық іздеудегі "атыраулық хакер" Түркияда ұсталып, елге депортацияланды