Естеріңізге сала кетейік, кеше 30 шілдеде түстен кейін компанияның бірқатар абоненттері интернет қызметінің тоқтап қалғанына шағымданған болатын.
Оператор жедел режимде интернеттің үзілу себебін анықтап, әрі оны қалпына келтіру жұмыстарының жүріп жатқаны туралы түрлі байланыс арналары арқылы ақпарат таратып, қолданушылардан кешірім сұрады.
"Кселл" компаниясының хабарлауынша, желі элементтерінің бірі істен шығып, соның салдарынан түрлі жабдықтардың жұмысын реттеген технологиялық арналарда жүктеме күрт өскен. Сөйтіп сағат 15.05-тен бастап бүкіл еліміз бойынша интернеттің өшіп қалу деректері тіркелген. Бұл келеңсіз жағдай республика бойынша абоненттердің шамамен 30% — на әсер еткен.
Инженерлер мен техниктер тобы ақау себебін анықтап сағат 17.20-да елдегі барлық абоненттердің интернетке қосылу қызметін толығымен қалпына келтірді.
Компания үзілістер тек интернет желісінде болғанын, ал дауыстық байланыс пен қысқа SMS хабарлама жүйесі штаттық режимде жұмыс істегенін атап өтті.
"Қазіргі уақытта "Кселлде" орын алған ақауларға жан-жақты талдау жүргізілуде, және болашақта бұл жағдайдың қайталанбауы үшін желі элементтеріндегі ақаудың пайда болуының негізгі себебін анықтау үстінде. Оператор өз абоненттерінен және желі қолданушыларынан келтірілген қолайсыздықтар үшін тағы да кешірім сұрайды." "Кселл" АҚ корпоративті байланыс қызметі