Ғылым министрі талапкерлерге қосымша білім гранттарын қалай алуға болатынын айтып берді

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мемлекеттік білім грантының иегерлерінің тізімі жарияланғаннан кейін талапкерлерге үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол бұл туралы өзінің Telegram-дағы каналында жазды.

"Құрметті биылғы талапкерлер! Қадірлі ата-аналар! Соңғы уақытта еліміздегі су тасқыны бүкіл елге ортақ сынақ болды. Осы жағдайға байланысты, біз жоғары білім алуға гранттардың аз ғана бөлігін зардап шеккен өңір түлектеріне бөлдік. Саны көп те емес, 5112 грант. 20 мыңнан астам түлек су басқан өңірден бітірсе, соның 10 мыңнан астам түлегі өздеріңізбен бірдей жалпы конкурспен өтті. Біз оны әділ және ашық түрде бөлуге бар күш-жігерімізді салдық. Кешегі ата-аналар мен балалардың қуаныш жасын көріп, біз де бірге қуандық. Бірақ, өкінішке қарай, грант ала алмаған түлектер мен отбасылардың мұңында да біз біргеміз. Көптеген адам министрлікке, маған хабарласып, жазып жатыр, ал осы нәтижені сабырмен қабылдағандар да бар екен. Айтайын дегенім, үміт үзбеңіздер! Грант алу мүмкіндіктері әлі де бар!" Саясат Нұрбек

Министрдің сөзінше, биылғы конкурсқа қатысушылар саны былтырғымен салыстырғанда 11 мыңға көп, сондықтан бәсеке де өте жоғары болды.

С"у тасқынынан зардап шеккен аймақтар үшін квота қарастырылғанымен, сол аймақтардың талапкерлері жалпы конкурс бойынша грант ұтып алды. Грант алғандардың тек 1130-ы немесе 1,7%-ы мүмкіндікті пайдаланды. Бұл аймақтарды қолдау үшін талапкерлерге дайындалу және конкурсқа құжаттарын тапсыру үшін мерзімі кеңейтілді, және конкурсқа ең жақсы ҰБТ нәтижесі бар сертификатын ұсыну мүмкіндігі берілді", - деп жазды министр.

Жоғары балл жинаған 10 мыңнан астам, оның ішінде 7 мыңнан астамы шығармашылық мамандықтар бойынша грант ала алмады

Мысалы, дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау бойынша 1 орынға 11 адам, сән және дизайн бойынша 9 адам, ал стоматологияға 1 орынға 35 адамнан келді.

Ведомство басшысы грант алу мүмкіндігі әлі де бар екенін айтты: 

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: