Түркістан облысында көлікті мас күйде тізгіндеген жүргізуші ұсталды

Сурет: pixabay
Түркістан облысында көлікті мас күйде тізгіндеген жүргізуші полицейдің тоқтау туралы талабын елемеген

Мас күйде көлік басқарып, полициялардан қашқан Ордабасы ауданының учаскелік полиция инспекторлары сағат 23:30 шамасында Opel Veсtrа автокөлігінің жүргізушісін жол ережесін бұзғанын байқап, оны тоқтатпақ болған.

Көлік иесі полиция қызметкерлерінің тоқтау туралы талаптарын елемей, жылдамдықты асырып олардан жасырынуға тырысты.

Полиция көліктің соңынан жүріп автокөлікті тоқтатты. Құжаттарын тексеру барысында жүргізушінің бұрын сот шешімімен куәлігінен айырылғаны белгілі болды.

Анықталғандай, жүргізушісі бұған дейін ішімдік ішіп, заң бұзғаны үшін сотпен 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылған.

Медициналық сараптамада 36 жастағы ер азаматтың мас халде болғанын растады. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді