Астаналық азамат дүкендерде өзгенің жоғалған картасымен төлем жасаған

Сурет: Zakon.kz
Елорда тұрғыны 53 мың теңгеден астам сомаға сатып алу туралы хабарлама алған кезде банк картасының жоғалғанын анықтаған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері жоғалған банк картасы арқылы заңсыз сауда жасаған қаскүнемді анықтады.

Ер адам картаны ауладан тауып алып, оны дүкендерде төлем жасау үшін пайдаланбақшы болғаны белгілі болды. 39 жастағы ер адам мойындау көрсетпелерін берді.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға өздерінің банк карталарына ұқыпты қарау қажеттігін ескертеді және жоғалған жағдайда оларды дереу бұғаттауды ұсынады.

Бұл қаржылық шығындардың алдын алуға және қаражатты заңсыз пайдаланудан қорғауға көмектеседі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды