Бас прокуратура іздеуде жүрген азаматтың Армениядан Қазақстанға қайтарылғанын хабарлады

Сурет: pexels
Ерекше ірі көлемде психотроптық заттардың заңсыз айналымы үшін іздеуде жүрген ер адам Армениядан экстрадицияланды. Бұл туралы Zakon.kz сайтына 2024 жылғы 8 тамызда ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін ҚР Бас прокуратурасы және ҚР ІІМ Интерпол қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен аса iрi мөлшердегі психотроптық заттардың, сондай-ақ сол тектестердің заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Қазақстан азаматын экстрадициялады.

Бұған дейін қостанайлық полицейлер альфа-ПВП психотроптық затының және солтектес–мефедронның заңсыз айналымына қатысты жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктіні әшкереледі.

Алайда оған қоғамнан оқшаулануға байланысты емес бұлтартпау шарасы таңдалуына байланысты ол тергеуден жасырынғандықтан, халықаралық іздеуге жарияланған.

Өткен жылдың қыркүйек айында аталған адам Ереванда ұсталып, одан кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті Ақтау қаласындағы тергеу изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін