FlyArystan компаниясына 4 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды

Сурет: Zakon.kz
FlyArystan әуе компаниясы рейс кешігуі кезінде жолаушыларды қонақүйге орналастырмағаны үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті 2024 жылдың 9 тамызында айтты. Рейс кешіктірілген кезде жолаушыларды қонақ үйге орналастырмағаны үшін "FlyArystan" жауапкершілікке тартылды

Алматы – Астана бағыты бойынша рейс кешіктірілген кезде қызметтерді ұсынбауға байланысты (жолаушылар қонақүйге орналастырылмаған, жолаушыларды әуежайдан қонақ үйге дейін және кері қарай трансфер ұйымдастырылмаған) "FlyArystan" әуекомпаниясына қатысты "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 567-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалып, авиакомпанияға 1 000 АЕК (3 692 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.

ҚР КМ Азаматтық авиация комитеті рейстердің кешігуі кезінде қызметтерді тиісінше ұсыну бөлігінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін отандық және шетелдік авиакомпанияларды жауапкершілікке тарту жөніндегі жұмысты жалғастыруда.

Жолаушылардың құқықтарын сақтау бөлігінде заңнама нормаларын мүлтіксіз сақтау Азаматтық авиация комитетінің жұмысында басымдықтардың бірі болып табылады және авиакомпаниялар тарапынан бұзушылық фактілері анықталған жағдайда көзделген шаралар қолданылатын болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматы, Астана, Шымкент: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Электросамокат жүргізушілеріне қойылатын жаңа талаптар: қазақстандықтар нені білуі керек

Үкімет Еңбек министрлігіне жаңа міндеттер жүктеді

TikTok-тағы тікелей эфир: Тараз тұрғыны бес тәулікке қамауға алынды