Ресей еңбек мигранттарына салықты көбейтпекші

Сурет: pixabay
Ресейде жұмыс істейтін еңбек мигранттарына салық өспек. Тиісті құжат Дума қарауына жіберілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Заң жобасының авторлары патент негізінде Ресейде жұмыс істейтін шетелдік азаматтар үшін жеке табыс салығын 30% дейін арттыруды көздеп отыр.

Мамандар салық өссе, шетелдік жұмысшылардың саны азайып, ел экономикасына кері әсер тигізетінін айтады. Ал көрші елдегі инфляция шілде айында 9 пайыздан асып кеткен, деп жазады qazaqstan.tv.

Сондықтан азық-түлік, коммуналдық төлемдер 5-10 пайызға өссе, пәтер жалдау құны 100 пайызға дейін қымбаттаған.

"Экспорт, импорт мәселесі бүгінгі күні өзекті. Себебі көптеген елмен байланыс үзілгелі тауар тасымалдау қиындап кетті. Импорттық тауарды жеткізу үшін кәсіпкерлер шығынға батып жатыр. Сондай-ақ қажетті дәрі-дәрмек жетіспейді. Өйткені отандық дәріні шығару ісі тоқтап қалды." Дмитрий Журавлев, сарапшы
Ресей
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды