Метеорологтардың хабарлауынша, алдағы күндері республика аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.
"Жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін. 15-17 тамызда солтүстік-батыста және солтүстікте, 16 тамызда орталықта, 17 тамызда Қазақстанның шығысында қатты жаңбыр жауады". "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі
Сонымен қатар, республика бойынша жел күшейеді деп күтілуде.
Сондай-ақ еліміздің басым бөлігінде ауа температурасының төмендеуі күтілуде: күндіз республиканың батысында +18+28, солтүстік-батыста +15+26, солтүстікте +18+23 градусқа дейін.
"Тек елдің шығысында және оңтүстік-шығысында күндіз +35+38 градус ыстық сақталады, 15 тамызда еліміздің оңтүстігінде +41 градус, ал орталықта қатты ыстық сақталады. Елде +35 градус ыстық болады деп күтілуде. "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі
Айта кетейік, 14 тамызда еліміздің 15 облысында дауылды ескерту жарияланған болатын.