Түркістан облысында полиция қараусыз жүрген 3,5 мыңға жуық малды анықтады

Сурет: pixabay
Қараусыз, бақылаусыз жүрген төрт түлік жол-көлік оқиғаларынының себепшісі болып келеді.

Иесіз жүрген малды қамауға, олардың иелерін анықтау мен құжаттарын түгелдеу мақсатында облыс бойынша 88 оқшаулау қорасы белгіленген.

Бұл орындарға жыл басынан бері 3 жарым мыңға жуық мал қамалды. Бұл дегеніміз жоғарыда көрсетілген қараусыз жүрген үй жануарларымен болуы мүмкін жол апаттарына едәуір тосқауыл болды деген сөз.

Полиция мен жергілікті атқарушы органдар осындай оқшаулау орындарын көбейту бағытында жұмыстарды жүргізуде.

Бұл өз кезегінде меншікті тексеруге, мал ұрлығының алдын алуға, есепке алынбаған малға ветеринариялық талдау жүргізуге және ауыл шаруашылығы жануарларының қатысуымен болатын жол көлік оқиғаларын болдырмауға септігін тигізеді.

Сонымен қатар облыстағы учаскелік инспекторлар халықпен есеп беру кездесулерін өткізіп, ауыл көшелерін сапалы бейнебақылау жүйелерімен жабдықтауды, үй жануарларына электронды

GPS чиптерін енгізуді және жарықтандырғыш ленталар тағу туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Жыл басынан учаскелік полиция инспекторлармен жалпы 1627 халықпен кездесу өткізіліп, қауіпсіздік шаралары туралы мағлұматтар берілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Биылдан бастап 10, 20 жылдық көліктерге салық 30%-ға азаяды

Тоқаев қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жасады