Қазақ-өзбек шекарасында көне заттарды заңсыз өткізбек болған

Сурет: pixabay
Қазақ-өзбек шекарасында көне заттарды заңсыз өткізу әрекетіне тосқауыл қойылды. Өткен ғасырда жасалған құнды жәдігерлерді сыртқа шығаруға тыйым салынған.

"Гишткуприк" шекара бекетінде Қазақстанға қарай өтпек болған тұрғынның қол жүгін тексеру кезінде кеденшілер медициналық құрал-жабдық пен микроскоп және 4 көне самауырды тапқан.

Бұл заттар кедендік декларацияда көрсетілмеген, деп жазады qazaqstan.tv.

Айта кетсек, Өзбекстанда жарты ғасыр және одан да көп уақыт бұрын жасалған бұйымдарды сыртқа алып шығуға заң бойынша рұқсат жоқ.

Тексеріске сәйкес бұйымдардың 1920 жылы шығарылғаны анықталды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Қазақстан балмұздақ өндіруден рекорд орнатты