Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы алдыңғы сессиямен салыстырғанда 0,27 теңгеге қымбаттап, 478,91 теңгені құрады.
Қытай юанінің бағамы тағы да құлдырап, 66,69 теңгеге (-0,14) жетті.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар 478,7-480,2 теңгеге, еуро 524-528 теңгеге, ресей рублі 5,31-5,41 теңгеге сатылуда.
Сонымен қатар, 16 тамыздағы аукционда мұнайдың қымбаттауы жалғасуда.
Brent маркалы мұнай фьючерстері 32 центке немесе 0,4%-ға өсіп, барреліне 81,01 долларды құрады.
WTI маркалы мұнай 33 центке немесе 0,4%-ға қымбаттап, барреліне 78,68 долларды құрады.
Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 478,57 теңге, еуроны 526,91 теңге, рубльді 5,4 теңге деп белгіледі.