Астанада шекарашыларға арналған мурал пайда болды

Сурет: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі
Астананың Сарыарқа ауданында Шекарашылар күніне орай Сәкен Сейфуллин көшесінде салтанатты түрде мурал ашылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Муралдың биіктігі - 18 метр, онда шекара қызметінің белгілері көрініс тапқан. Оның композициясында ел шетіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ететін шекарашылардың маңыздылығын білдіретін әуе және теңіз кемелері үйлесімді бейнеленген". Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Шекара қызметінің ардагерлері мен басшылығы, сондай-ақ Сарыарқа ауданы әкімдігінің өкілдері қатысты.

Жиында "Астана" шекаралық бақылау басқармасының бастығы полковник Мақсат Ахметқалиев құттықтау сөз сөйледі.

"Қазіргі шекарашылар заманауи қару-жарақпен, технологиямен қаруланған, бірақ олардың жұмысында ең бастысы – патриотизм мен батылдық. Біз бұл қиын мамандықты таңдап, осы жолда Отанымызға, оның мемлекеттік шекараларын қорғауда абыроймен қызмет етуіміз керек. Мереке құтты болсын, шекарашылар мен Шекара қызметінің ардагерлері!" - деді полковник Мақсат Ахметқалиев.
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін