Жанқош Тұраров қыз зорлады деген айыптарға жауап берді

Сурет: Instagram/zhankoshturarov
Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров Қазнетте тараған ақпаратқа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Instagram парақшасында ол былай деп жазды:

"Таңнан бері миллиондаған хабарлама келіп түсті. Өзім абдырап қалдым, ресми түрде айтайын, бұл ақпарат жалған. Жала! Мен сотқа жүгінемін. Тіпті керек десеңіздер БАҚ-ты да сотқа берем."

Ол сондай-ақ үш қыздың әкесі екенін және "егер жыныстық қатынас үшін әйел керек болса, зорлық-зомбылықсыз келісетіндер бар" деп атап өтті.

Сурет: Instagram/zhankoshturarov

"Қайдан шыққан жала екенін өзім де түсінбей отырмын. Қазір мәселенің мән жайын анықтап, кім қандай жала тағып отырғанын анықтайтын боламын!" Жанқош Тұраров

Таңертең әлеуметтік желіде боксшы Жанқош Тұраров қыз зорлады деген ақпарат пайда болды. Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі қылмыстық іс қозғалып, сараптама тағайындалғанын хабарлады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты