Алматыда "Есентай" өзенінің арнасы ықтимал мұзды су тасқынынан қорғалады

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда "Есентай" өзенінің арнасында жасанды құрылыс жүйесі салынады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Досаевтың айтуынша, бұл шаралар су тасқынының қарқынын төмендетуге және өзендегі мұзды тасқындарды тоқтатуға мүмкіндік береді.

Қала басшысы биыл мамыр айында жалпы сомасы 1,9 млрд теңгеге каскад, бөгет және тұрақтандырғыш жүйесінің құрылысы басталғанын айтты. Жұмыстарды 2024 жылдың қараша айында аяқтау жоспарланып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 және 2023 жылдың желтоқсан айларында "Есентай" өзенінің жағасында мұзды су тасқыны болды. Соның салдарынан су деңгейі 1,5 метрге көтеріліп, қоршаулар, орындықтар және қоқыс жәшіктері зақымданды. 5 мың текше метрден астам қар шығарылып, зақымдалған инфрақұрылым қалпына келтірілді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты