Бангладеште тасқын кесірінен 3 миллиондай адам баспанасыз қалды

Сурет: Zakon.kz
Бангладеште толассыз жауын соңы алапат тасқынға ұласып, 3 миллиондай адам баспанасыз қалды.

Екі тұрғын қаза тапқан. Мұны осы елдің Төтенше жағдайлар министрлігі бүгін хабарлады. Табиғи апаттан Фени, Молвибазар және Брахманбария аудандары ең көп зардап шеккен.

Бірнеше аймаққа баратын жолдар жабылып, талай елдімекенге құтқарушылар жете алмай жатыр.

Елдің тасқындарды болжау және ескерту орталығының хабарлауынша, Бангладеште алдағы 24 сағатта жаңбыр қайта жалғасып, тағы да халықты үдере көшуге мәжбүрлеуі мүмкін.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы