Кселлдің ұтысы Түркістандық қыздардың арманын орындады

"Кселл" өзінің "Миллионер бол" ұтыс ойынының бірінші аптасының үш жеңімпазын жариялады. Ұтысқа қатысатын қазақстандықтар үшін мүмкіндік мол: апта сайын 1 млн теңге, 500 000 және 100 000 бонус, ай сайын – 5 миллион теңге, ал үш айдың қорытындысы бойынша бірден 25 миллион теңге.

Алғашқы үш жеңімпаз өз ұтыстарын балалары мен немерелеріне сыйлық алуға жұмсады. Ал Түркістандық 38 жастағы жиһаз жасаушы Бабыржан Аюпов өзінің миллионын балаларының арманын орындауға бағыттады.

Сурет: Kcell

"Мен өзімнің activ нөмірімді 10 жыл бұрын сатып алғам және бар клиентім осы нөмірімді сақтаған. Әрдайым байланыстамын, сапасы өте жақсы. Отбасымыз үшін 1 миллион теңге ұтыс жаңа оқу жылы қарсаңында өте пайдалы болды. 4 қызым бар, олардың екеуі мектепке барады, жұбайым екеуміз оларға мектепке қажетті киімдері мен керек жарағын сатып алдық. Сондай-ақ әр қызыма бір-бір велосипедтен алдым, олар көптен өзара жарыс ұйымдастыруды армандаған, енді ауламыз кәдімгі веложарыс алаңына айналды, сондай-ақ балаларға аулаға орнататын бассейн сатып алдым", — деп өз әсерімен бөлісті Бабыржан Аюпов.

Ал Алматы қаласының 62 жастағы тұрғыны Жақсыбай Жармаханов күтпеген жерден 100 мың теңгеге олжалы болды.

Сурет: Kcell

"Шынымды айтсам, өмірімде ешқашан ұтып көрмеппін, "Кселлдің" миллионер бол" ұтыс ойынының жеңімпаздарының қатарында болу мен үшін нағыз тосынсый болды. Ал ұтысымды Менің балалар мен немерелерге жұмсауға ниеттімін, төрт немерем бар оларға сыйлықтар сатып аламын. Мен де тосын сый жасаймын", — дейді Жақсыбай аға.

Естеріңізге сала кетейік, "Кселл" 1 тамыз бен 31 қазан аралығында өтетін, бұрын — соңды болмаған ұтыс ойынын іске қосты. Жалпы жүлде қоры 60 миллион теңгені құрайтын "Миллионер бол" ойыны апта сайын компанияның абоненттері арасында 100 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін, ал ай сайын – 5 миллион теңге, және үш айдың қорытындысы бойынша бірден 25 миллион теңге ұтыс ойынын өткізеді.

Сурет: Kcell

Айта кетейік, "Миллионер бол" ұтыс ойынына қатысу шарттары өте қарапайым: activ -те "ТОП+" (M, L, XL, UNLIM) немесе Kcell -де "Жақсылық" (Start, Hit, Pro, Max) тарифтік жоспарларының бірін қосу, Абоненттік төлем жасау, activ/Kcell суперқосымшасында, немесе *7777# пәрмені бойынша, ұтысқа қатысатындығын растау. Ал ұтыс ойынын Instagram-да @activ.kz ресми парақшасында бақылауға болады.

Айтпақшы, "Кселл" ұтыс ойынының екінші аптасының жеңімпаздарын тікелей эфирде анықтады: кезекті үш жүлде Саидбек есімді Түркістан тумасына, Алматыдан Сергейге және Марат есімді абонентке бұйырды.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: