БҚО-да полиция қызметкерлері есірткі жасырушыны ұстады

Сурет: ҚР ІІМ
26 тамыз күні Бөрлі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері "Қарасора" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында, сонымен қатар "Орал – есірткісіз қала" бағдарламасы аясында, есірткіні жасырумен айналысып жүрген 18 жастағы студентті ұстады.

Ол Орал қаласындағы колледждердің бірінде оқитыны анықталды. Оны жеке тексеру кезінде ішінде ақ түсті ұнтақ тәріздес зат салынған 36 зип-пакет табылып, тәркіленді.

Алынған заттар сараптамаға жіберілді. Ұсталған кезде бұл жігіт 4 зип-пакетті жасырып үлгерген. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Айта кету керек, жуырда БҚО аумағында "Орал-есірткісіз қала" атты нашақорлыққа қарсы бағдарлама іске қосылған еді.

Осы бағдарлама аясында нашақорлықпен күресу ісіне барлық мүдделі ұйымдар жұмылдырылды.

Аталған бағытта жұмыс жалғасады. Есірткі қылмысымен күрес – полиция департаменті басшылығының қатаң бақылауында.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек