Астана билігі қалада қарбалас уақытта ауыр жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізбек ниетте

Астанада ауыр жүк көліктеріне қандай шектеулер енгізілетінін елорда әкімі Жеңіс Қасымбек егжей-тегжей айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы қала басшысы Instagram-дағы парақшасында жазды.

"Ауыр және ірі көлемді көлік құралдары жүргізушілерінің көпшілігі жүктің салмақ параметрлерін сақтамайды. Мысалы, 25 тоннаның орнына 100 тоннаға дейін, тіпті одан да көп жүк тасымалдап жүруі мүмкін. Бұл бірқатар қолайсыздық тудырады: жол қозғалысының өзге қатысушыларына қиындық тудырады, әрі жолға үлкен жүктеме түсіреді", - дейді әкім.

Қала басшысы елордада қыркүйек айынан бастап автокөлік өлшейтін автоматтандырылған жүйе іске қосылатынын, бұл жүйе қазірдің өзінде сынақ режимінде жұмыс істеп жатқанын еске салды. Автоматтандырылған өлшеу жүйесі қалаға негізгі кіре берістерде – Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Көкшетау, Қосшы қалалары, сондай-ақ Қараөткел және Малотимофеевка ауылдары тұсынан орнатылған.

"Соңғы айда 10 мыңнан астам заңбұзушылық тіркелді. Бұл жүйе жүк көліктерінің салмағын бақылауға, қаланың көлік инфрақұрылымының жалпы деңгейін жақсартуға, өзге де көліктердің кедергісіз жүруі үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді. Бүгін ҚР Көлік министрлігінің, қала полициясының, тасымалдаушы компаниялардың және құрылыс компанияларының өкілдерімен кездестім. Жүк көліктерінің салмағын бақылау шараларын талқыладық. Қарбалас уақытта ауыр және ірі көлемді көлік құралдарының қозғалысына шектеулер енгізуді жоспарлап отырмыз", - дейі ол.

Оның айтуынша, мәселен, ауыр және ірі көлемді көлік құралдарының рұқсат етілген салмағы мына мөлшерден аспауы керек:

Осылайша, жалпы салмақ жүктің де, көліктің де салмағын қамтиды.


"Артық салмақ болған жағдайда 3 миллион 700 мың теңгеге дейін айыппұл салынады. Айыппұл мөлшері оське шаққандағы салмақтың арту дәрежесіне және кәсіпкерлік түріне байланысты – шағын, орта немесе ірі – 40 АЕК-тен (147 мың 680 теңге) 1000 АЕК-ке (3 млн 692 мың теңге) дейін өзгеруі мүмкін. Осыған байланысты тасымалдаушылар әкімшілік айыппұлдарды болдырмау үшін салмақ параметрлерінің сақталуын мұқият бақылауда ұстауы қажет", деп жазады Жеңіс Қасымбек.


Астана
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: