Оларға мектепке дейінгі мекемелер, колледждер, жоғары оқу орындары және қосымша білім беру ұйымдары кіреді. Айта кетейік, Қостанай облысының аумағында осы санаттың тізімінде 506 нысан бар.
Жоғарыда аталған объектілердің терроризмге қарсы қорғалу талаптарына мыналар жатады: нысандар аумағында өткізу режимін қамтамасыз ету, инженерлік-техникалық құралдармен, оның ішінде бейнебақылау және хабарлау жүйелерімен жарақтандыру, сондай-ақ террористік қатерлер кезіндегі іс-қимылдар бойынша жұмысшылар және оқушылармен оқу іс-шараларын ұйымдастыру.
Бұдан бөлек, барлық оқу орындары дабыл батырмаларымен жабдықталуда және бейнежазбаны жедел басқару орталықтарына, сондай-ақ полицияның кезекші бөлімдеріне беруді қамтамасыз етеді. Көрсетілген талаптарға қосымша қалаларда, аудан орталықтарында орналасқан және саны 700-ден астам оқушы мен персоналы бар білім беру объектілері бақылау және басқару жүйелерімен жарақтандырылуда. Сонымен қатар нысандардың бұл санатында жеке лицензияланған күзет болуы керек.
Бүгінгі күні 321 білім мекемесінің камералары жедел басқару орталығына және полицияның кезекші бөлімдеріне қосылған. 325-де дабыл батырмалары орнатылған. 205 нысанда турниекттер бар. 189 білім беру нысанында лицензияланған күзет қызмет жұмыс істейді.
Қазіргі уақытта қосымша 107 мектептің бейнебақылау жүйесін жедел басқару орталығына қосу және 93 мектепте дабыл батырмаларын орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осы жылдың басынан экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері және қалалық полиция органдары 307 білім беру нысанын тексерді. Бұл ретте 123 нысанда бұзушылықтар анықталды.
"Анықталған бұзушылықтардың негізінен күзеттің жоқтығы, камералардың жедел басқару орталығына қосылмауы, білім министрлігінің нұсқаулығына сәйкес бейнебақылау жүйелерінің сәйкес келмеуіне қатысты", – деді Амангелді Бапинов.
ҚР ӘҚБтК-нің 149-бабының 1-бөлігі бойынша терроризмге қарсы қорғау талаптарын орындамағаны үшін объектілердің 17 басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 12 жеке және 5 мемлекеттік білім беру ұйымына жалпы сомасы шамамен 6 миллион теңгеге айыппұл салынды.
Талаптарға сәйкес келмейтін барлық объектілердің басшыларына бұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізілді. Жыл басынан бері төтенше жағдайлар туындаған кезде іс-қимылдарды үйрету үшін полицейлер 42 мыңнан астам оқушы мен педагогтарды қамти отырып, 518 оқу іс-шарасын өткізді. Оқу орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасуда.