Қазақстанда емделуге зейнетақы төлемдерін пайдалану ережесі өзгерді

Денсаулық сақтау министрлігі емделуге біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін бұйрық дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәселен, емделуге біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану үшін өтініш беруші немесе оның заңды өкілі біржолғы зейнетақы төлемін жүзеге асыру үшін БЖЗҚ-дан қолжетімді міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы туралы ақпаратты өз бетінше алады.

Өтініш беруші немесе оның заңды өкілі ЭЦҚ арқылы уәкілетті оператордың интернет-ресурсында авторизацияланады және өзінің жеке кабинетін ашады, онда соманы және пайдалану мақсатын көрсете отырып өзінің ЭЦҚ-мен куәландырылып, емделу үшін біржолғы зейнетақы төлеміне электрондық өтінішті толтырады.

Алушы жұбайының және (немесе) жақын туыстарының біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдаланған жағдайда тараптар алушының жеке кабинетінде біржолғы зейнетақы төлемдерін басқаға беру туралы келісім жасасады, ол некені (ерлі-зайыптылықты) немесе туыстық қатынастарды растайтын құжаттарды қоса беріле отырып, олардың ЭЦҚ-сымен куәландырылады.

Сондай-ақ алушының өз баласын емдеуге біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалануына жол беріледі.

Алушы немесе оның заңды өкілі арнайы шотқа қаражат түскеннен кейін медициналық көмек алу үшін шетелдік ұйымды қоса алғанда, медициналық ұйымды таңдайды және дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысын беру туралы өтінішпен өзінің бекітілген жері бойынша медициналық ұйымға жүгінеді және алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және бейінді маманның қорытындысын қоса береді.

Стоматологиялық қызметтер алу үшін өтініш беруші келесі құжаттарды қоса береді:

Сурет: құжат скриншоты


Стоматологиялық қызметтер алу үшін, ДКК құрамына емдеу жоспары, емдеуге дейін және кейінгі рентген-суреті, стоматологиялық ұйымның медициналық қызметке лизенциясын қарайды және ДКК қорытындысына дайындайтын дәрігер-стоматолог кіреді.

Медициналық ұйымның жауапты адамы өтініш берушіге немесе оның заңды өкіліне Бұйрыққа сәйкес 026/е нысаны бойынша уәкілетті операторға ұсыну үшін ДКК отырысы өткізілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қорытынды береді және оны медициналық ақпараттық жүйеге енгізеді.

Өтініш беруші немесе оның заңды өкілі ДКК қорытындысын алғаннан кейін шетелдік ұйымды қоса алғанда, таңдалған медициналық ұйыммен, одан әрі шарттың немесе төлем шотының сканерленген нұсқасын және ДКК қорытындысын уәкілетті оператордың интернет-ресурсындағы өзінің жеке кабинетінде тіркей отырып, бекітілген медициналық қызметтер көрсету туралы шарт жасасады.

Алушы ұсынған құжаттар біржолғы зейнетақы төлемдерінің нысаналы мақсатына сәйкес келген кезде уәкілетті оператор алушыдан құжаттарды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде біржолғы зейнетақы төлемдерін олардың нысаналы мақсаты бойынша аударады.

Стоматологиялық қызметтер көрсеткен кезде, стоматологиялық клиникада емдеуді бастамас бұрын, ДКК қорытындысын алғаннан кейін, өкілетті оператор емдеу құнының 70% мөлшерінде аванс төлейді. Қалған 30% емдеу аяқталғаннан кейін төленеді.

Емделу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерінің нысаналы пайдаланылуын растайтын құжаттар мыналар болып табылады:

Медициналық көрсетілетін қызметтерді шетелден алған кезде медициналық ұйым мен алушы немесе оның заңды өкілі арасында жасалған деректемелерді (төлем шоты) және (немесе) медициналық қызметтер көрсету туралы шартты (шет тілінде жасалған құжаттардың нотариалды куәландырылған аудармасын қоса бере отырып) көрсете отырып, төлемді жүзеге асыру үшін қажетті құжатты ұсынуға жол беріледі.

Медициналық ұйым мен алушы немесе оның заңды өкілі арасында жасалған медициналық қызмет көрсету туралы шартта медициналық көрсетілетін қызметтердің түрі, пациенттің (алушының) тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), туған күні және қорытындыдан белгіленген диагноз көрсетіледі.

Ұсынылған құжаттар пайдалану мақсаттарына сәйкес келген кезде алушы немесе оның заңды өкілі Уәкілетті операторға біржолғы зейнетақы төлемдерін айырбастауға және біржолғы зейнетақы төлемдерін халықаралық аударуға қол қойылған өтініштерді ұсынады. Корреспондент банктердің халықаралық аударым үшін комиссия ұсталынбайды.

Уәкілетті оператор айырбастауға және халықаралық аударымға арналған өтініштерді олар берілген күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде тексереді және біржолғы зейнетақы төлемдерін олардың нысаналы мақсаты бойынша аударады.

Алушы немесе оның заңды өкілі біржолғы зейнетақы төлемдерінің нысаналы пайдаланылуын растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда, қаражат арнайы шотқа түскен күннен бастап 45 (қырық бес) жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-ға қайтарылуға жатады.

Бұрын БЖЗҚ-ға теңгемен аударған біржолғы зейнетақы төлемдерін емделуге ақы төлеу үшін пайдалану мақсатында және Уәкілетті оператор алушы ұсынған құжаттарға сәйкес шетелдік медициналық ұйымға шетел валютасында аударған не алушының немесе оның заңды өкілінің біржолғы зейнетақы төлемдерін шетелдік медициналық ұйымға аудару қажеттілігінің жоқтығы туралы өтініш берген, шетелдік валютада айырбасталған, алушының арнайы ағымдағы шотына қайтарылған кезде Уәкілетті оператор бағамдық айырманы теңгемен БЖЗҚ-ға қайтаруды жүзеге асырады.

Стоматологиялық қызметтер көрсеткен кезде, медициналық ұйымның жауапты адамы өтініш берушіге немесе оның заңды өкіліне уәкілетті операторға ұсыну үшін ДКК отырысы өткізілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде емдеуге дейін және кейін ДКК қорытындысын электрондық және/немесе қағаз форматта қорытынды береді және оны Бұйрыққа сәйкес 026/е нысан бойынша медициналық ақпараттық жүйеге енгізеді.

Пациент немесе стоматологиялық қызмет көрсететін медициналық ұйым емдеуге дейін және кейін ДКК қорытындысын және шартты электрондық форматта өкілетті операторға жолдайды, содан кейін уәкілетті оператор алушыдан құжаттарды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде біржолғы зейнетақы төлемдерін олардың нысаналы мақсаты бойынша аударады.

Құжат 12 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.

Армения Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: