Павлодарда қаршадай қызын ұрған ер адам айыппұл төлеп, есепке алынды

Сурет: unsplash
Павлодарда жеті жастағы қызына қол көтерген әке жазаланды. Жұрттың наразылығын тудырған оқиға бейнебақылау камерасына жазылып қалған. Онда 53 жастағы ер адамның қаршадай қызын ұялы телефонмен ұрып жатқаны анық көрінеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының хабарлауынша, баланың анасы күйеуіне қарсы арыз жазудан бас тартқан. Соған қарамастан, ер адамға қатысты кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу, оның құқығы мен мүддесін қорғау міндетін орындамағаны үшін әкімшілік іс қозғалып, сотқа тартылды. Баласын күшпен тәрбиелемек болған әке енді айыппұл төлейді. Қызына қол көтерген азаматты көршілері көріп, полиция шақыртқан.

Қатыгез әке профилактикалық есепке алынып, енді қамқоршы органның жіті назарында болады.

"Сот іс материалдарын жан-жақты зерттей келе, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 127-б, 1-б көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 25 844 теңге айыппұл тағайындады. Қаулы заңды күшіне әлі енген жоқ". Павлодар облысы сотының баспасөз хатшысы Агидель Ибраева
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды