Түркістан облысында полиция жайылымнан жылқы ұрлаған күдіктілерді қолға түсірді

Сурет: primeminister.kz
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Жетісай ауданының полицейлері жайылымнан жылқы ұрлаған екі күдікті ер адамды қолға түсірді.

Тексеру кезінде анықталғандай, ұйымдасқан екеуі қаражат табу мақсатында қылмыс жасаған.

Яғни түнгі уақытта тұрғынның жайылымда жүрген құны 700 мың теңге тұратын жылқысын ұрлап, қылмыс орнынан жасырынған.

Содан кейін ұрланған малды сатып, ақшасын қажеттіліктеріне жұмсаған.

Тәртіп сақшылары ұрланған жылқыны тәркілеп, заңды иесіне қайтарды.

Қазіргі таңда күдіктілер қамауда, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ақтауда шетелге заңсыз ақша шығарған компанияға 153 млн теңге айыппұл салынды

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

КХДР үш сағат ішінде екі баллистикалық зымыран ұшырды

Үкімет қатты пайдалы қазбаларға роялти енгізуге байланысты мәлімдеме жасады