БҚО-да 150 мың га жер мемлекетке қайтарылды

Сурет: freepik
Батыс Қазақстан облысында "Жер аманаты" жобасы бойынша биыл пайдаланылмай жатқан 150 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

Президент кешегі жолдауында заңсыз алынып, игерілмей жатқан жер оңтайландырылған рәсім бойынша мемлекетке қайтарылуы тиіс екенін шегелеп айтқан еді.

Ал жерге жанашырлықпен қарамайтын, ауылға қамқорлық жасамайтын меншік иелерінің мәселесін Үкімет пен Бас прокуратура мықтап қолға алуы тиіс, деп жазады qazaqstan.tv.

Өңірдің кейбір аудандарында әлі де жайылымға жер таппай отырған шаруалар мен тұрғындар бар. Жерді заңсыз алып, жолын тауып бір біріне сатып, пайда көріп отырған "пысықайлар" да жетерлік.

Сондықтан "Жер аманаты" жобасы аясында жер телімдерін қайтару ісі, заңсыздықпен күрес жалғасады.

"Президентіміз атап өткеніндей, жерді алып көп жыл пайдаланбайды, тек шөбін сатады, т.б. бірақ бір де бір малы базада тіркелмеген. Сондай жерлер бүкіл ауданда қайтарылып жатыр. Бұл жұмыс тоқтамайды. Себебі әлі де көптеген жер телімі бар. Мысалы, кәсіпкерлер өз ниетімен тапсырмайды, соттасып жатқандар бар." Азамат Сафималиев, "Amanat" партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды