Белгілі болғандай, қауіпті және қауіпті емес қалдықтарды көму үшін жергілікті атқарушы органдар тарифтік мөлшерлемені бекітеді.
Алайда Тараз қаласында мөлшерлеме бекітілмей, серіктестіктен 2022 жылдың 1 қаңтары мен 2023 жылдың 9 ақпаны аралығында төлемдер тұрақты түрде алынып отырған.
"Кейін анықталғандай, төлемдер нормадан асып, кәсіпорын 1,9 млрд теңгені артық төлеген." Жамбыл облысының прокуратурасы
Дегенмен Тараз қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы инвесторға салықтың тиісті түрі бойынша алдыңғы төлемдерге артық төленген соманы қайтарудан және есепке алудан негізсіз және бірнеше рет бас тартқан.
Нәтижесінде, енгізілген прокурорлық ден қою актісі бойынша инвестордың болашақ төлемдеріне артық төленген 1,9 млрд теңге сомасы есепке алынып, кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Сол сияқты, қазіргі таңда облыста эмиссиясы үшін 3 млрд теңгеден астам соманы екі есеге артық төлеген 45 кәсіпкер анықталды.
Осы фактілердің барлығы бойынша прокурорлық қадағалау актілері енгізілді.
Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау прокуратура органдарының ерекше бақылауында.