Шымкентте 4 мыңға жуық науқас тегін дәрі-дәрмекті алмаған

Сурет: Zakon.kz
Шымкентте созылмалы сырқатына байланысты диспенсерлік есепте тұратын 4 мыңға жуық науқас мемлекеттен берілген тегін медициналық дәрі-дәрмекті ала алмаған.

Прокурорлық тексеру кезінде осындай заңсыздық қаладағы 12 емханада анықталды.

Прокуратураның мәліметінше дәрілік препараттар емханаға жеткізілгенімен, медицина қызметкерлері науқастардың өзі келмеді деген сылтаумен сақтап отырған, деп жазады qazaqstan.tv.

Осыған байланысты емхананың бас дәрігері тәртіптік жазаға тартылды. Оларға 2 миллион теңге айыппұл салынды. Дәрілік заттар науқастарға таратылды.

"Және 108 медицина қызметкері тәртіптік жауаптылыққа тартылды. Бұл жағдай бір жыл ішінде тағы да қайталанса, олардың фармацевтикалық қызметпен айналысу қызметінің тоқтатылуына әкеп соқтырады." Қали Бейсенбаев, Шымкент қаласы прокуратурасының аға прокуроры
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы