Президент Татарстан раисына ризашылығын білдірді

Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысу үшін Астанаға келген Рустам Миннихановпен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан Президенті осы халықаралық маңызды шараға арнайы келген Татарстан Раисына ризашылығын білдірді. Мемлекет басшысы Көшпенділер ойындарына Ресей құрамасының атынан көптеген спортшы қатысатынын, оның ішінде Татарстанның өкілдері де бар екенін атап өтті.

Қазақстан Президенті сауда-экономикалық ынтымақтастық жоспарлы түрде дамып келе жатқанын айтып, машина жасау және мұнай-газ химиясы салаларындағы бірлескен жобаларды уақтылы әрі сапалы іске асырудың маңызына тоқталды.

Рустам Минниханов қонақжайлық танытқаны және түркі халықтарының тарихы, дәстүрі әрі күллі көшпенділер өркениетінің ортақ екенін көрсететін ойындарға шақырғаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

Татарстан басшысы терең өңделген өнім шығару, IT-индустрия және экономиканың басқа да өзара мүдделі салаларында жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастық мәселелері және биыл күзде Қазан қаласында өтетін БРИКС саммитінің күн тәртібі талқыланды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

Қазақстан Халық Кеңесінің жұмысына бөлінетін 1,7 млрд теңгенің есебі айтылды

Баланы балабақшаға қабылдау үшін қажетті құжаттар тізімі