Тоқаев қазанда Түрікменстанға барады

Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовке V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысуға арнайы келгені үшін ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, Президент екіжақты ынтымақтастықты одан әрі ілгерілетуде Халк Маслахаты төрағасының Астанаға сапары аса маңызды екенін атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, қазір қазақ-түрікмен қарым-қатынасы өте табысты дамуда және стратегиялық серіктестік деңгейіне толық сәйкес келеді.

Өз кезегінде Гурбангулы Бердімұхамедов Қасым-Жомарт Тоқаевқа қонақжайлық танытқаны үшін алғыс айтып, ауқымды спорттық іс-шараның сәтті өтуіне тілектестік білдірді. Халк Маслахаты төрағасы еліміздің әлемдік аренадағы беделін арттыруға ықпал ететін ірі халықаралық жиындарды ұйымдастырудағы Астананың рөлін жоғары бағалады.

Әңгімелесу барысында сауда-экономика, энергетика және көлік-логистика салаларында бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарға назар аударылды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов бірлескен жобалардың жүзеге асырылуына көңілдері толатынын жеткізді.

Кездесуде достық әрі тату көршілік рухында жан-жақты дамып келе жатқан мәдени-гуманитарлық байланысты одан әрі нығайтудың маңызына мән берілді.

Тараптар Қазақстан Президентінің биыл қазан айында Түрікменстанға жоспарланып отырған сапарының дайындық барысын талқылады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды