Мекенжайға келген полицейлер Ержан Құсайынов пен Рүстем Рыспеков үйге кіре берісте мойнына оралған арқанға асылып тұрған ер адамды байқаған.
Жедел әрекет еткен Рүстем Рыспеков арқанды ілмектен шығарған кезде, ол тыныс алуын жалғастырған.
Қызметкер жедел жәрдем келгенге дейін шұғыл реанимациялық әрекеттерді өз бетінше жүргізіп, жүрек тұсына қажетті массаж жасау арқылы ер адамның өмірін сақтап қалуға тырысқан.
"Серіктесімнің жедел жәрдемге қоңырау шалуын өтіндім, осы кезде өзім ер адамды жастыққа жатқызып, кеудесін уқалай бастадым. Одан әрі тұншығудың алдын алып, тілі артқа кетпеу үшін тілін саусақпен жібермей ұстап тұрдым. Алты минут өткеннен кейін ғана азаматтың пульсі пайда болды. Ол есін жиғаннан кейін, құрысулар мен құсудың алдын алу үшін ер адамды оң жақ бүйіріне жатқызып, дәрігерлердің келуін күттік", – дейді Р.Рыспеков.
Полиция қызметкерінің дағдысының арқасында ер адам аман қалды, жедел жәрдем қызметкерлері оған одан әрі медициналық көмек көрсетті.
Қала тұрғынының әйелімен ұрыс-керістен кейін осындай шарасыз қадамға барғаны белгілі болды.
Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ, ерлі-зайыптылар татуласты. Ер адам есін жиған соң, ең бірінші кезекте өмірін сақтап қалғаны үшін полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді.
Оқи отырыңыз