Маңғыстау облысының прокурорлары 39 млн теңгеге мемлекеттік сатып алу конкурсының күшін жойды

Сурет: Zakon.kz
Маңғыстау облысының Қарақия ауданының прокуратурасымен мемлекеттік сатып алу заңнамасы талаптарының сақталуына жүргізілген талдау барысында 39 млн теңгеге жарияланған конкурстың күші жойылды.

Атап айтқанда, аудандық білім бөлімімен мемлекеттік сатып алу веб-порталында ақпараттық жүйені техникалық қолдау және оған қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша конкурс жарияланған.

"Прокурорлар әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптары бойынша жалған ақпарат бергенін анықтады." Маңғыстау облысының прокуратурасы

Прокурорлық қадағалау актісімен конкурстың күші жойылып, білім бөлімінің қызметкері тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Мемлекеттік сатып алу саласындағы ашықтықты және заңдылықты сақтауды қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасуда.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды