Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай қаласындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенін аралап көрді

Сурет: akorda.kz
"Юбилейный" шағын ауданында орналасқан нысан жақында пайдалануға берілген.

Мұнда жергілікті тұрғындар спорттың шағын футбол, баскетбол, волейбол және үстел теннисі сияқты түрлерімен емін-еркін айналыса алады.

Сондай-ақ орталықта жаттығу және хореография залдары жұмыс істейді. Ерекше қажеттілігі бар жандарға тиісті жағдай жасалған.

Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев Президентке облыс орталығында бұқаралық спортты дамыту шаралары туралы мәлімет берді.

Оның айтуынша, қала тұрғындарына дене шынықтыру нысандарының қолжетімділігін қамтамасыз етуге баса назар аударылады.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз