Алматыда Қала күнін мерекелеу басталды

Сурет: Zakon.kz
Бүгін Алматыда тұрғындар мен қала қонақтары үшін ашық аспан астында төрт концерт өтеді. Халық барлық іс-шраны тегін тамашалай алады.

"Асыл Қазына" атты алғашқы ауқымды концерт 18:00-де "Алатау" дәстүрлі өнер театрының алдындағы алаңда болады. Сахнада Рамазан Стамғазиев, Сәуле Жанпейісова, Еркін Шүкіман, Амангелді Күзеубай және т.б. танымал дәстүрлі әншілер мен артистер өнер көрсетеді.

Кейін сағат 19:00-де осы алаңда "Алматы түні" атты екінші концерт басталады, көрермен қауымқа аты аңызға айналған "Дос-Мұқасан" ансамблі ән шырқайды. Бір сағаттан соң 20:00-де сахнаға "МузАрт" тобы шығады. Сәкен Майғазиев, Мейрамбек Бесбаев және Кенжебек Тұрсынбайұлы көпшіліктің сүйікті әндерін орындап, алматылықтарды келе жатқан Қала күнімен құттықтайды.

Тағы бір мерекелік іс-шара Арбатта өтеді. Тұрғындар мен қонақтарға "Жаңа ғасыр" театрының артистері "Алматы – махаббатым" концерт-спектаклі ұсынады Олар Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының алтын қорындағы фильмдердің саундтректерін қала тұрғындарымен бірге орындайды. Сонымен қатар, жас әрі талантты актерлер анонимді хат жазып, шынайы сезімі мен толғанысын білдіруге бел буған адамдардың ішкі жан сезімін театрландырылған драмалық көрініс арқылы көрермен назарына ұсынады.

Іс-шаралар жоспарының толық нұсқасы almaty.kz (https://www.almaty.kz/almaty-alasy-k-ni/?lang=kz) сайтында, сондай-ақ әкімдіктің Instagram парақшасында, Алматы Мәдениет басқармасы мен аудандық әкімдіктердің ресми парақшаларында жарияланған. Ескертейік, аздаған өзгерістер болуы мүмкін. Ақпаратты әкімдіктің ресми интернет-ресурстары арқылы бақылап отыруды сұраймыз.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды