Әлемдік БАҚ: Көшпенділер ойыны – достық пен бейбітшілікті нығайтатын мереке

Сурет: primeminister.kz
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойыны жайында шетелдің бұқаралық ақпарат құралдары жазып жатыр.

Солардың бірі – "Euronews" телеарнасы. Оның сайтында жарияланған мақалада: "Спорттық шараға қатысып жатқан елдердің географиясы сан алуан. Оған көшпенділер дәстүріне қатысы жоқ мемлекеттердің өкілдері де жиналған.

Мысалы, Австралиядан бастап Канадаға дейінгі, Оңтүстік Африкадан бастап Ұлыбританияға дейінгі аралықта орналасқан елдердің спортшылары бақ сынауда. Бұл ойындардың ауқымы кеңейіп жатқанын көрсетеді", — делінген.

Ал Еуропаның "Modern Diplomacy" немесе "Заманауи дипломатия" алаңы елімізде өтіп жатқан байрақты бәсекені достық пен бейбітшілік мерекесі деп сипаттайды. "89 елден келген 2 жарым мыңға жуық спортшы мен мыңдаған мейманның басын қосқан бұл шара — көшпелілер өркениетінің бай мәдени мұрасы мен бірегей спорт түрлері жане дәстүрлерінің мерекесі", — делінген.

Көлемді мақала авторының пікірінше, ойындардың ашылу рәсімі жоғары деңгейде өткен, деп жазады qazaqstan.tv.

Үндістанның "The Earth News" газеті мақаласын "Үндістанның дәстүрлі садақ ату тобы Қазақстанда өнер көрсетеді" деп атаған. Басылымның мәліметінше, бұл спорт түрі Үндістан үшін тарихи және мәдени мәнге ие.

"Дүниежүзілік көшпенділер ойыны спорттағы жетістіктердің ғана емес, мәдени ынтымақтастық пен достықты дамытуға арналған алаң ретінде де қызмет етеді" делінген мақалада.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртасты қатты жамандап тастады

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды