ШҚО-да полицейлер 550-ден астам электронды темекі тәркіледі

Фото: unsplash
Полиция қызметкерлері заңсыз сатылымды "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықтады.

Тыйым салынған тауарлар Өскемендегі екі сауда үйінде кальян дүкендерінен жасырын сатылғаны анықталды.

Бірінші дүкенді тінту кезінде жедел уәкілдер 450-ден астам электронды темекі, сондай-ақ вейптер мен Pod жүйелеріне арналған 10-нан астам сұйықтық тапқан.

Екінші дүкеннен тәртіп сақшылары 115 электронды темекі тәркілеген.​Шегілмейтін темекі өнімдерінің айналымы фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Заңға сәйкес, күдіктілерге 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады, не сол мөлшерде түзету жұмыстары жүргізіледі, не 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылады, не 50 тәулікке дейін қамауға алынады.​

Полиция департаменті биыл 20 маусымынан бастап Қазақстанда шегілмейтін темекі өнімдерінің, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), олар үшін хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымына тыйым салынғанын және қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске салады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы