Астана мен Алматы тұрғындарын жаңбырлы демалыс күтіп тұр

Фото: unsplash
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2024 жылдың 14, 15 және 16 қыркүйегіндегі ауа райынан еліміздің үш ірі қаласының тұрғындарын қандай тосын сыйлар күтетінін айтты. Елорда мен Алматыда жаңбыр жауса, шымкенттіктердің жолы болады — ол жерде жауын-шашын болмайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана

14 қыркүйек: көшпелі бұлтты, аздаған жаңбыр. Түнде және таңертең жеңіл тұман. Солтүстік-шығыстан жел түнде 2-7, күндіз 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +7+9°, күндіз +19+21°.

15 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +6+8°, күндіз +18+20°.

16 қыркүйек: көшпелі бұлтты, түнде жаңбыр. Солтүстік-шығыстан 9-14, түнде екпіні 15-18 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +5+7°, күндіз +11+13°.

Алматы

14 қыркүйек: көшпелі бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +7+9°, күндіз +17+19°.

15 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жеңіл жел болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде +8+10°, күндіз +20+22°.

16 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +10+12°, күндіз +22+24°.

Шымкент

14 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +12+14°, күндіз +28+30°.

15 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +12+14°, күндіз +28+30°.

16 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жеңіл жел болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде +13+15°, күндіз +27+29°.

Алматы
Шымкент
Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды