15 наурызда Қазақстанның екі өңірінде қар жауады
Сурет: Zakon.kz
Қазгидромет 2026 жылғы 15 наурызға арналған Қазақстан бойынша жалпы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Болжамға сәйкес, жексенбі күні елдің солтүстік және шығыс өңірлерінде түнде қар жауады. Күндіз жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі.
Ал Қазақстанның қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр.
Сондай-ақ республика бойынша тұман түсіп, жел күшеюі мүмкін. Солтүстік пен шығыста боран (жер үстімен ұйытқыған қар) болуы ықтимал.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript