2 наурызда Қазақстанда қар жауып, боран соғады

2 наурызда Қазақстанда қар жауып, боран соғады, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.03.2026 14:58 Сурет: pixabay
"Қазгидромет" 2026 жылғы 2 наурызға арналған Қазақстан аумағы бойынша жалпы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, дүйсенбі күні циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар ел аумағының басым бөлігіндегі ауа райына әсер етеді.

"Жауын-шашын (жаңбыр, қар), ал солтүстікте қар жауады. Тек елдің орталығы мен шығысында антициклон сілемінің ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ республика бойынша жел күшейеді. Батыста, солтүстікте және оңтүстіктің таулы аймақтарында жаяу бұрқасын, тұман және көктайғақ болуы мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: