Алматы полициясы "Жасөспірім" жедел алдын алу іс-шарасын өткізеді

Фото: Zakon.kz
Алматыда 17-19 қыркүйек аралығында "Жасөспірім" жедел алдын алу іс шарасы жүргізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласы аумағында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу және жолын кесу мақсатында осы жылдың 17-19 қыркүйегі аралығында мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, жұртшылықтың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тартумен "Жасөспірім" жедел алдын алу іс-шара өтеді.

"Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу және ескерту, білім беру ұйымдарының оқушылары арасындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтың алдын алу", – деп атап өтті Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Серік Шумаев.

Сонымен қатар іс-шара барысында полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қадағалаусыздықтың алдын алуға, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде және үйлерінен тыс жерде болуына, кәмелетке толмағандарға алкогольдік және темекі өнімдерін сату деректерін сондай-ақ кәмелетке толмағандарды қоғамға жат әрекеттерге тартатын ересектерді анықтауға баса назар аударады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін