ШҚО-да террористер туралы жалған хабар берген оқушылардың ата-аналары жауапқа тартылды

Фото: Zakon.kz
15 қыркүйекте "102" жедел арнасына дабыл қоңырауы түскен. Қоңырау шалған бала мекенжайын айтып, жанында террористердің бар екендігі туралы хабарлаған.

Оқиға орнына жеткен жедел қызмет тобының қызметкерлері барлығын тексеріп, хабарламаның жалған екені белгілі болған. Тәртіп сақшылары қоңырау шалған 8 жасар бастауыш сынып оқушысы екенін анықтаған.

Оның айтуынша көршінің баласы оған келіп, полицияға қоңырау шалуды өтінген. Сонымен қатар көршінің баласы тамыз айында басқа балаларға да осындай өтінішпен жүгінгені туралы айтып берген. Екінші кәмелетке толмаған баланың да жеке басы анықталды.

Ол 14 жастағы жасөспірім болып шықты. Екі баланың ата-аналары бала тәрбиесі бойынша міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандардың терроризм актісі туралы жалған хабарлаудың басқа фактілеріне қатыстылығын тексеріп жатыр.

Полиция департаменті бұл әрекеттер үшін 5000 АЕК-ке дейінгі айыппұлдан бастап 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қарастырылғанын еске салады. Бұл қылмыс үшін 14 жасқа толған адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Егер кәмелетке толмағанның жасы 14 жастан аспаса, онда бұл жағдайда оның ата-анасы балаларды тәрбиелеу бойынша шаралар қолданбағаны үшін жауапкершілікке тартылады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті