Алматылық колледж студенттері Францияда өткен халықаралық чемпионатында жүлделі орынға ие болды

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Тарихта тұңғыш рет ұлттық құрама Француз қаласы Лионда өткен 47-ші WorldSkills халықаралық чемпионатында 7 медальон жеңіп алып, жетістікке жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Біздің еліміздің намысын 30 құзыреттілік бойынша 32 қатысушы және 30 халықаралық сарапшы қорғады.

Соның ішінде, Алматы құрылыс-техникалық колледжінің студенті Михаил Попов Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары" құзыреттілігі бойынша үздік деп танылса, Алматы қаласы "Әділет" колледжінің студенті Жанель Сағындық "Қонақ үй ресепшионисті" құзыреттілігі бойынша топ жарды.

Сонымен қатар, "Ұлттағы үздік" номинациясы бойынша бойынша үздіктер:

Қазақстандық техникалық және кәсіптік білім беру студенттерін әлемдік аренадағы жоғары көрсеткіштерімен құттықтаймыз!

WorldSkills Lyon — 2024 халықаралық кәсіби шеберлік чемпионатына 69 елден 1500-ге жуық колледж студенттері қатысты.

Анықтама: WorldSkills International 25 жасқа дейінгі жас мамандардың кәсіби дағдыларын анықтауға және дамытуға бағытталған ірі халықаралық жарыс болып табылады. Чемпионат халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және цифрлық трансформация жағдайында жұмысшы мамандықтары мен заманауи техникалық білімнің маңыздылығын арттыруға бағытталған, оған әлемнің түкпір-түкпірінен қатысушылар жиналады.

Мақсаты — бүкіл әлем бойынша техникалық мамандықтар бойынша кәсіби даярлықтың мәртебесі мен стандарттарын насихаттау. Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы Қазақстан құрамасы Гданьск қаласында өткен EuroSkills чемпионатында алғаш рет 2 медаль және 4 медальон жеңіп алды.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды