Жамбыл облысында түнгі рейд кезінде полицейлер 190 кг қарасора тәркіледі

Фото: Zakon.kz
"Қарасора – 2024" республикалық арнайы операциясы аяқталуға жақындады. Еліміздің оңтүстік аймақтарында полиция қызметкерлері тәулік бойы құмды жерлерді тексеріп, есірткі дайындаушыларды анықтайды.
"Есірткі күресуші сақшылар Ұлттық ұланның "Бүркіт" арнайы бөлінісімен бірлесіп, шалғай аудандарды жаяу патрульдеуге шығады", – деді ведомствода.

Осындай тексерулердің бірінде ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері Шу ауданының Алға ауылынан 25 шақырым жерде жабайы қарасора өсірген Шу қаласының тұрғынын ұстады. Сараптама тәркіленген өсімдіктің қарасора екенін көрсетті.

Оның жалпы салмағы 188 келіден асқан. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.

"Қарасора – 2024" арнайы операциясы кезінде полицейлер барлығы 597 есірткі қылмысының жолын кесті, оның ішінде 178 өткізу фактісі, 113 есірткі сақтау фактісі бар.

Заңсыз айналымнан 16 тоннадан астам есірткі тәркіленді, оның ішінде 13 тонна кептірілген марихуана, 3,6 тонна прекурсор, 83 кг синтетика, 48 кг гашиш, 20 мыңға жуық қарасора бұталары, 76 апиын көкнәр бұталары бар.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ тілі бизнестің, техниканың, ғылымның тіліне айналуда

Гайдар Қасенов пен Достанбек Есжанов неге қызметтерінен босатылды

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай