Алматыда Медеу ауданындағы көше қиылыстарының бірінде қозғалыс шектеледі

Фото: Zakon.kz
Алматыда Құрманғазы көшесі мен Достық даңғылының қиылысы бойынша қозғалыс уақытша жабылады

2024 жылғы 18 қыркүйектің сағат 7:00 бастап 19 қыркүйектің сағат 7:00 дейін Алматы қаласының Медеу ауданында Құрманғазы көшесі мен Достық даңғылының қиылысында автокөліктер үшін қозғалыс жабылады.

"Аталған қиылыс бойынша қозғалыс екі жаққа қарай жабылады" "Алматы жылу жүйесі" ЖШС

Уақытша шектеулер жалпы ұзақтығы 305 метрді құрайтын құбыржолды ауыстыру бойынша жаңғырту жұмыстары жүргізілген жолдың асфальт-бетон жабынын қалпына келтіру үшін енгізіледі. Бұл құбыржол 5 көппәтерлі тұрғын үйді және тағы 4 объектіні жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалыстарды шектеуге қатысты ақпарат Almaty.kz сайтында, Telegram-арнада @AlmatyJoly, аудандық әкімдер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ "2GIS" және "Яндекс карталар" сервистерінде орналастырылған.

Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және көрсетілген аумақты айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз