17 қыркүйектегі саудада доллар бағамы қалай өзгерді

Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2024 жылғы 17 қыркүйекте сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күнделікті сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 480,63 теңге (-0,02) болды.

Қытайда 2024 жылдың 16-18 қыркүйегі аралығындағы мереке күндеріне байланысты юаньмен сауда-саттық болған жоқ.

Ақша айырбастау орындарында доллар 480,5-482,3 теңгеге, еуро 532-536 теңгеге, ресей рублі 5,19-5,29 теңгеге сатылуда.

Ал 17 қыркүйектегі аукционда әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.

Осылайша, ICE Futures биржасында электронды саудада қараша айындағы Brent фьючерстерінің құны 0,11%-ға арзандап, барреліне 72,67 долларды құрады.

NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнайдың қарашадағы фьючерстері 0,01%-ға өсіп, барреліне 69,03 долларды құрады.

17 қыркүйек күні таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 480,61 теңге, еуроны 534,53 теңге, рубльді 5,28 теңге деп бекітті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз