Әскери қызметкерлердің құмар ойындарға қатысуы елеулі тәртіптік теріс қылыққа жатқызылды - Тоқаевтың жарлығы

Фото: pexels
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 16 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпы әскери жарғыларына өзгерістер енгізу туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың тәртіптік жарғыларына қосымшада ақшалай немесе өзге де мүліктік сипаттағы құмар ойындарға қатысу немесе ақшаға, заттарға және басқа да құндылықтарға бәс тігуге қатысу елеулі тәртіптік теріс қылықтардың түріне жатқызылған.

Жарлық 2024 жылғы 18 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

2024 жылдың 9 қыркүйегінде Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге құмар ойындарға қатысуға тыйым салатын заң күшіне енді. Енді мемлекеттік қызметкерлер, әскери қызметкерлер, арнайы және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың басшылары да құмар ойындар мен бәс тігуге қатыса алмайды. Шектеулерді сақтамау оларды жұмыстан шығаруға әкеледі.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев