Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 20 маусымында Қазақстанда вейптерді сатуға тыйым салатын заң нормалары күшіне енді.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне 301-1-бап (Шылым шекпейтін темекі өнімдерінің, электронды тұтыну жүйелерінің (вайптар), хош иістендіргіштер мен оларға арналған сұйықтықтардың айналымы) қосылды.
Содан бері Алматы полициясы вейп сатудың ондаған деректерін тоқтатып, осы тыйым салынған өнімдерді сататын бірнеше орынды жойды.
"Заңнаманы қатайту басталғалы электронды темекінің төрт ірі сатушысына қатысты үкім шығарылды. Олардың әшкереленіп, ұсталғаны туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Осы істердің бәрінде де сот "кәсіпкерлерді" кінәлі деп тапты. Олардың екеуіне ірі көлемде айыппұл салынды. Тағы екеуі – қоғамдық жұмыстарға, тиісінше 100 және 50 сағатқа жіберілді. Осыған ұқсас басқа да істер бойынша материалдар жақын арада сотқа жіберіледі", – деді Алматы қалалық ПД тергеу басқармасының бастығы Аян Әбдраимов.