Түркістандық полицейлер дүкен сатушысынан тыйым салынған 90-нан астам вейп тәркіледі

Сурет: Түркістан ПД баспасөз қызметі
Түркістан облысы Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шаралар аясында тыйым салынған вейптерді заңсыз сату фактісін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство ақпаратына сүйенсек, полиция қызметкерлері Сайрам ауданы көшелерінің бірінде орналасқан дүкенде 31 жастағы сатушы тыйым салынған вейптерді еркін сататынын анықтады.

Тәртіп сақшылары Сайрам ауданының тұрғынын ұстап, одан 92 дана вейп (бір реттік) тәркіледі.

Қазіргі уақытта осы факт бойынша барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған тергеу жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 20 маусымында Қазақстанда вейптерді сатуға тыйым салатын заң нормалары күшіне енді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне 301-1-бап (Шылым шекпейтін темекі өнімдерінің, электронды тұтыну жүйелерінің (вейптар), хош иістендіргіштер мен оларға арналған сұйықтықтардың айналымы) қосылды.

Қазақстан
Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы

ҚР Тәуелсіздігінің 35 жылдығы: Шымкентте "Ордабасы" командасының чемпиондығына орай салтанатты жиын өтті

"Мыжылып, адам қысылып қалды". Алматы маңында екі көлік бетпе-бет соқтығысты

"Қар аралас жаңбыр жауады". Еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында жетінші орын алды